Өмірбаян

Техника ғылымдарының докторы, профессор. Информатика және басқару проблемалары Институтының директор орынбасары, ақпараттық қауіпсіздік лабораториясының меңгерушісі. 1995 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-не механико-математикалық факультетіне түсті. 1968 жылы электрондық өндіріс Министрлігінің Арнайы есептеу орталығына ракетаға қарсы қорғаныс кешеніне арналған, өнімділігі жоғары, сандық есептеу машинасын жобалау шеңберінде кодтау теориясына қосымшалар және көпмүшелер сақинасында позиционды емес есептеу жүйесінің машиналық арифметикасын даярлау үшін Мәскеуге (Зеленоград) жұмысқа шақырылды1994 ж. қазанында Р.Г. Бияшев информатика және басқару проблемалары Институтына (ИБПИ) бас ғылыми қызметкер ретінде ауыстырылды, 1994ж. қарашасында ИБПИ ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары болып тағайындалды. Оның басқаруымен 1995 жылдан 1998 жылдар аралығында Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық  "ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру" бағдарламасы тақырыптары бойынша жұмыстар атқарылды. Осының нәтижесінде:

 -   есептеу техникасы құралдары мен бағдарламалық өнімдерді сертификаттау жүйесін құру және дамыту тұжырымдамасы,

 -  есептеу техникасы құралдары мен бағдарламалық өнімдерді сертификаттау және стандарттаудың Мемлекеттік жүйесі туралы ереже,

 -  "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңырың жобасы,

 -  есептеу техникасы құралдары мен бағдарламалық өнімдерді сертификаттау бойынша лабораториялар мен органдарды құру және аккредитациялау үшін нНормативтік және әдістемелік құжаттар дайындалды.

1985 ж. «Разработка и исследование методов сквозного повышения достоверности в системах обмена данными распределенных АСУ» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалды. Бияшев Р.Г. - шамамен 170 ғылыми еңбектер мен мақалалардың, оның ішінде екі монографияның, алты КСРО авторлық куәліктердің, Қазақстан Республикасы интеллектуалдық меншігі жайлы сегіз куәліктің авторы. Оның зерттеулерінің нәтижесі тәжірибеде еліміздің абитуриенттерін тестілеудің бағдарламалық кешенінде қолданыста болды. Оның басқаруымен 2 докторлық және 10 кандидаттық диссертация қорғалды.

undefined
×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Список научных трудов
Өмірбаян