Өмірбаян

Ыдырыс Серікбай Садуақасұлы

                                                                                  

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Экономика факультетінің деканы, академик, профессор, экономика ғылымдарының докторы

Ол 1953 жылы 22 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданында қызметкер отбасында дүниеге келген. ОҚО-ның Қызылқұм ауданына қарасты «Балтакөл» совхозында орта мектепті «Алтын белгімен» бітірген.

1977 жылы ҚазМУ-нің философия-экономикалық факультетінің саяси экономия мамандығын бітіргеннен кейін, 1995 жылға дейін Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында: ассистент, аға оқытушы, доцент, жалпы техникалық (1986-1992ж.) және есеп-экономикалық (1992-1994ж.) факультеттерінде декан орынбасары, жоғарғы оқу орнына дайындық факультетінің деканы (1992-1994) қызметтерін атқарған. 1981 жылы Москваның қаржы институтының аспирантурасына оқуға түсіп, 1984 жылы қаржы активтері мәселелеріне арналған кандидаттық диссертациясын жемісті қорғаған. 1995 жылы КАБ «Игілік» - банктің Жамбыл бөлімшесінде директор болды. 1996 жылы Жамбыл университеті ашылып Серікбай Садуақасұлы «Экономикалық теория» кафедрасына меңгеруші болып тағайындалады.

2004 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де еңбек етіп келеді.  2004-2006 ж. экономика факультетінде декан қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап Түркістан Гуманитарлық Ғылымдар және Бизнес Институтының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директор орынбасары  (2006-2008 ж), одан кейін Гуманитарлық – педагогикалық сырттай оқыту факультетінің деканы, (2008-2009 ж), ал 2009 жылдан  қазіргі уақытқа дейін экономика факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. Жалпы ғылыми-педагогикалық стаж 35 жыл.

2010 жылдың 28-желтоқсанында докторлық диссертациясын «Қазақстанда тау-кен металлургиялық кешенінің индустриалды-инновациялық дамуының экономикалық басымдылықтары» тақырыбында 08.00.05 – «Экономика және халықшаруашылығын басқару» саласында қорғап, экономика ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежеге ие болды.

Халықаралық, республикалық басылымдардан шыққан 140-тан астам ғылыми-теориялық мақалалардың авторы. Олардың 15-сі көлемді оқу құралдары мен монографиялар, атап айтар болсақ; «Пути повышения эффективности агросервиса Южного региона Казахстана», Экономический анализ и оценка хода рыночных реформ в регионах РК. ж. Научный мир Казахстана №2 (12) март-апрель 2007 год, стр. 94-103 (1 печ.л.); Эффективность решения проблемы минерально-сырьевой базы цветной металлургий. ж. «Analytic», 2010 г., № 2, стр. 70-77 (0,8 печ.л.); Задачи индустриально-инновационной политики в области развития горно-металлургического комплекса. ж. Вестник МКТУ им Х.А.Ясави 2010 г. №2-3 (70-71), с. 502-510 (0,8 печ.л.); Некоторые экономические проблемы инновационного развития металлургического комплекса Казахстана. ж.«Казахстан Спектр» КИСИ, 2010.-№3, стр 76-89 (1,2 печ.л.). Келесі монографиялары мен оқулықтары жарық көрді: Экономическая теория, Учебник, Туркестан. МКТУ им Х.А.Ясави, Туран 2007, 267 стр; Международный бизнес. Учебник, Туркестан. МКТУ им Х.А.Ясави. Туран 2008, 108 стр. (7,5 печ.л.); Пути повышения эффективности агросервиса южного региона   Казахстана. Монография-Шымкент: Типография «Ел-Нур», 2011.- 158 стр (11 печ.л.).«Рынок труда: вопросы формирования и регулирования», «Регион: экономика и политика», Экономикалық теория» оқулығы, «Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты дамыту тетіктері».

     Оның жетекшілік етуімен 2 кандидаттық және 12 магистр диссертациялары қорғалды. Студенттері ҚР БҒМ-нің ғылыми жарыстарының жеңімпаздары. 2012 жылдан бастап Халықаралық Экономикалық Евразия Академиясының толық мүшесі . 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Ресей Жаратылыстану Академиясының (РЖА) «Экономикалық ғылымдар» секциясы бойынша  академик атағына ие болды.

     Ол ҚР БҒМ-нің Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандақтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі. Жалпы профессор-оқытушылар құрамы мен студенттермен ортақ тіл табыса білетін маман. Ол білім беру ісімен қатар ғылымды, әкімшілік қызметтерді де алып жүре алатын аса қабілетті ұйымдастырушы.

Ыдырыс Серікбай Садуақасұлы қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысады. «Шағын және бір салалы қалаларды дамытудың әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттарын әзірлеу (Түркістан және Кентау қалалары мысалында)» атты құны 6 млн. теңге көлеміндегі жобаның аға-орындаушысы.

Білім беру ісіндегі сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, оған: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР білім беру үздігі», «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгілермен, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Грамотасымен, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен, «ҚР БҒМ-нің Кәсіподақ қызметкерінің құрмет грамотасымен», Ресей жаратылыстану академиясының  «Ғылым және Білім саласының еңбек сіңірген қайраткері» және Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциумының «Еңбек және Білім» орденімен марапатталған.

         Өзінің өмірлік жары Маликамен 2 ұл және бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Үлкені – Қанат Гази университетінің докторанты, Нұрсұлтан – банк қызметкері, Мариям – Назарбаев Университетінің студенті.

 

 

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы және телефондары:

Қазақстан Республикасы, ОҚО, 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, бас ғимарат, 325 каб., «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы.

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары э.ғ.д., профессор Ыдырыс Серікбай Садуақасұлы. Байланыс тел.: 8 (72533) 6-35-49; моб. тел. 8-701-428-90-44; e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Конференция үйлестірушілері: э.ғ.к. Көлбаева Меруерт Амангельдиевна, Байланыс тел.: 8(72533) 6-36-36 (1124), моб.тел: 8702-388-93-66; e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.; Тайжанов Лесбек, Байланыс тел.:  8(72533) 6-36-36 (1124),  моб.тел: 8-707-200-30-03;   e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.         

 

Ұйымдастыру комитеті

undefined

undefined
×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Өмірбаян