Өмірбаян

, Умаров Тимур Фаридұлы, 1978 жылы 13 шілдеде Ташкент қаласы, Өзбек ССР-да қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. 1995 жылы Ташкент қаласында №263 физика-математика пәнін тереңдетіп оқытатын орта мектепті бітірдім, сол жылы Ташкент электротехникалық байланыс институтына (ТЭБИ) «Көпканалды электр байланысы» мамандығына түстім. 1998 жылы емтихандарды үздік тапсырып, «Үміт» Президенттік қорының аясында Солтүстік Аризона университетіне жолдама алдым, аталған университетті «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен 2001 жылы бітірдім. Сол жылы Ташкент электротехникалық байланыс институтына (ТЭБИ) «Сандық басқару жүйесі» мамандығы бойынша магистратураға түстім, 2003 жылы үздік бітіріп шықтым. 2001—2004 жылдар аралығында «Инфо-фан» АТО Өзбекстан Республикасының Ғылым және техника Мемлекеттік комитетінде жетекші маманы болып жұмыс атқардым.

2004 жылдан бастап Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ-да Ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары қызметін атқардым. 2006 жылы «Болашақ» Президенттік қорының емтиханын сәтті тапсырып, Лондондағы Корольдік колледж (King’s College London) докторантурасына жолдама алдым, оқуымды 2010 жылы мамыр айында үздік тәмамдадым, докторлық диссертациямның тақырыбы «Analytical Business Computing: Bridging the Semantic Gap between Requirements and Design Using Model Driven Architecture». 2009 жылдың тамыз және 2018 жылдың мамыр айлары аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінде «Компьютерлік инженерия» кафедрасының ассистент-профессор, ассоциативті профессор, және профессор болып қызмет жасадым, аталған факультеттің деканы әрі академиялық және ақпараттық технологиялар бойынша проректор қызметін атқардым. 2018 жылдың шілде және 2019 жылдың тамыз айлары аралығында Сәтбаев Университеті (Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) жанындағы Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының директоры қызметін атқардым. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) АҚ-да оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры болып қызмет атқарып келемін.

АТФ деканы қызметін атқарған уақыттарда АТФ мамандықтарының 5B070200 «Автоматтандыру және басқару», 5B070300 «Ақпараттық жүйелер» және 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» салаларын беделді ABET, Inc агенттігінің (Балтимор, Мэриленд, АҚШ) халықаралық бағдарламалық аккредитациясынан өтуіне жетекшілік жасап, белсене қатыстым. 2016 жылы жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ABET агенттігінің қайта аккредитациялауынан еш ескертусіз 2023 жылға дейін өттік. 2018 жылы оқуды аяқталғаннан кейін Computer Science, Information Systems және Information Technology бағдары бойынша ABET агенттігінің бағдарламалық аккредиттеу сарапшылар базасы құрамына кірдім.

2011 жылдың сәуірінде «Іс-шараға негізделген бизнес-процестер негізінде кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің моделін жасау» тақырыбында ғылыми жобаны жүзеге асырғаным үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының грантын иелендім. 2012 жылы жоба сәтті аяқталды.

2013 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «(SaaS)» қызметі бизнес-моделі ретінде» бағдарламалық қамтамасыздандыруға есептеу модульдерін енгізу арқылы кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің моделін жасау» ғылыми жобасын іске асыру үшін гранттық қаржыландыру алдым. 2015 жылы үш жылдық жобам сәтті аяқталды.

Қазір «ХАТУ» АҚ оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры ретінде факультеттердің, кафедралардың жұмысын, жалпы оқу үдерісін басқарамын, ХАТУ-дың сапа бойынша жауапты өкілімін, аккредиттеудің ұлттық және халықаралық формаларының үйлестірушісімін, сонымен қатар оқытушы қызметін де атқарамын. 2020 жылдың 29 қыргүйегінде Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайландым.

Үйленгенмін, төрт балам бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Autobiography