Өмірбаян

Өміров Сәндібек Қарабекұлы, 1990 жылы 27 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.

Әкем - Қарабек Өміров 1947 жылы туған, орта техникалық білімі бар, автожол құрылысында бригадир болып жұмыс істеген (ДМСУ, ҚазақАвтоДор), қазір зейнеткер.

Анам - Өмірова Күлпан Хамитқызы, 1951 жылы туған, жоғары білімді маман, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент болған. ҚазКжТА (Ақтөбе қ.), ҚазМЗУ (Ақтөбе қ.), Нұр (Ақтөбе) университеті, АВЛУГА (Ақтөбе Әскери Әуе Училищесі) оқытушы болып жұмыс істеген. 2012 жылы қайтыс болды.

2013 жылы некеге тұрдым. Әйелім - Өмірова Камила Оразқызы, 1989 жылы туған, «Жобаларды басқару» мамандығының магистрі.

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылында Абай атындағы мектеп-лицейін бітірдім. ҰБТ нәтижесі: 125-тен 95.

2008 жылы 050702 - «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетіне грантқа түстім. 2012 жылы бакалавр дәрежесін иелендім (қызыл диплом), GPA көрсеткіші: 3,57.

Бакалавриатта оқып жүрген кезімде мен университетімнің белсенді студенттерінің бірі болдым, университетімнің өміріне белсене араластым.

ҚазҰТУ Студенттер Кәсіподақ ұйымында жүйелік администратор ретінде волонтерлік негізде жұмыс істедім. Университеттегі іс-шараларды ұйымдастыру комитетіне белсене қатыстым.

ҚазҰТУ-да Мұнайшы Инженерлері Қоғамының (SPE KNTU SC) мүшесі болдым. ҚазҰТУ-да мұнай-газ форумының ұйымдастырушыларының бірі болдым. Форумда «Идея генераторы» номинациясын иелендім.

Автоматика және телекоммуникация институтының белсендісі болдым. Үш жыл бойы ҚазҰТУ Көктемі фестивалінде (дауыс және аспаптық ансамбль) қатыстым, екі жыл бойы орысша КВН лигасына қатыстым. РАС университеттік газетінде «Айрықша Перваштың өмірі» атты мен туралы мақала жарияланған.

Мен Schlumberger Logelco Inc. халықаралық мұнай компаниясында жазғы өндірістік тәжірибесін өттім.

2012 жылдың қараша айынан бастап Hewlett-Packard Enterprise компаниясында серверлік жабдықтар бойынша инженер-кеңесші ретінде жұмыс істеймін. Мен Францияда тәжірибені арртыру курстарынан, тренингтерден өттім. Жұмыста да мен компанияның өміріне белсене қатысамын. Мен гитарада (дауыс-аспаптық ансамбльде) тартамын, әріптестеріммен бірге жылдық корпоративтік кеште концерт ұйымдастырамыз.

2015 жылы 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетіне магистратураға грантқа түстім. 2017 жылы магистрлік диссертациямды сәтті қорғадым және магистр дәрежесін иелендім. GPA көрсеткіші: 3.86.

2017 жылы HPECI (HPE Certified Instructor) сертификатын иелендім. Қазір HPE серверлік жабдықтар бойынша тренингтер өткіземін.

2017 жылы 6D070400 - «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (МУИТ, Алматы қ.) PhD докторантурасына грантқа бітірдім түстім. Қазір докторлық диссертацияны жазумен айналысып жатырмын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Autobiography