Өмірбаян

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университеті, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры

 

Ғылыми дәрежесі

Физика-матем. ғылымдарының кандидаты

Поштасы

Jet-k @mail.ru

Жұмыс орнының орналасқан жері

Гришина көшесі, 7 үй, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы, № 306 кабинет.

Өмірбаяны

Қайдасов Жеткербай 1951 жылы 29 маусымда Ақтөбе облысының Байғанин ауданына қарасты Қораши аулында туған. Жастық шағы Қораши аулында, Ноғайты стансасында өтті(Сағыз орта мектебін бітірген, ст.Ноғайты).

1973 жылы «Математика» мамандығы бойынша Абай атындағы КазПИ-ді бітірген. 1976/77 оқу жылында Рязань мемлекеттік пединститутында ғылыми стажеровкадан өтіп, 1980 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ аспирантураға қабылданып «Геометрия және топология» мамандығы бойынша диссертация дайындау мақсатында МГУ-ге жіберілді .

1987 жылы «О регулярном изометрическом погружении в Е3 некоторых некомпактных частей плоскости Лобачевского» тақырыбында 01.01.04- «Геометрия и топология» мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы МГПИ –дің арнайы Советінде(Москва қ.).  кандидаттық диссертация қорғады. Алгебра және геометрия кафедрасы бойынша доцент ғылыми атағы бар (1990). Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі(1997).

Торғай облысында(1973-1975) математика мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік пединститутында оқытушы(1975-1978), аға оқытушы(1978-1980, 1984-1988), доцент(1988-2000), профессор(2004-2007), сыртай бөлім деканы (1992-2000, 2004-2007) болды. Ақтөбе қаласына оралғаннан кейін алгебра және дифференциальдық теңдеулер кафедрасында доцент, профессор (2000-2004), 2011-2014 жылдары Ф жҚМ кафедрасының меңгерушісі, 2015-2016 жж. профессор міндетін атқарушы.

 2016 ж. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ профессоры   академиялық атағына конкурстан өтті.

Айналысатын ғылыми саласы қазіргі заманғы дифференциальдық геометрия, орта білім беретін мектеп және жоғарғы оқу орнындағы математиканы оқыту әдістемесімен байланысты.  90-нан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік, және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде орталық шығарылымдарда:  «Вестник МГУ», «Математические заметки»,  «Фундаментальная и прикладная математика», «Поиск», «Қазақстан мектебі», «Математика және физика» жарияланғандары бар. Студенттердің дипломдық, магистранттардың диссертациялық жұмыстарына үзбей жетекшілік жасайды. Оның жетекшілігімен 5 магистр қорғаған.

Қайдасов Ж. мектеп жаңа буын оқулықтары авторлар ұжымының жетекшісі.  ҚР ОҒМ бекіткен «Геометрия» -7, 8, 9, 10, 11 кл.оқулықтары  республика бойынша негізгі оқулық ретінде жалпы білім беретін мектептерде қолданылуда.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Өмiрбаян