Өмірбаян

Асаинов Архат Жоламанұлы 1984жылы 22 мамырында, Ақмола облысы Қорғалжын  ауданында тудым

 

2001жылы  Қорғалжын ауданының дружба орта мектебін бітіргеннен кейін Щучинск қаласындағы Техникалық колледжіне  оқуға түстім. 2003 жылы колледжді аяқтаған соң экономист бухгалтер біліктілік маманы болып шыктым.

Сол 2003 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық факультетіне оқуға түстім. 2006 жылы аталған университеттің халықаралық экономист маманын бітірдім.

2006 жылы қазан айыннан бастап Ұлтық тестілеу орталығындағы баспа бөлімінде инженер лауазымына жұмысқа орналастым. Әр жылдары аға инженер, бас инженер лауазымындарында істедім.

Сол 2006 жылы Орта Азиялық Университетіне зангер факультетіне оқуға түстім. 2008 жылы аталған оқу орнын бітіріп заң бакалавры деген біліктілігін алдым. 2008 жылы Еуразия гуманитарлық институтының экономика факультетінің магистратура бөліміне оқуға түсіп 2010 жылы экономика ғылымдарының магистрі академиялық жәрежесін алдым.

Сол 2010 жылы қыркүйек айынан бастап Қазақ технология және бизнес университетінде оқытушы лауазымында жұмыс істей бастадым.

2013 жылы 15 қаңтардан бастап 15 наурызға дейін  «Болашақ» Халықаралық бағдарламасынан «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінде Мәскеу ұаласындағы Ресей аясында ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өттім

2016 жылы Университет «Тұран-Астана» экономика мамандығы бойынша PhD доктарантураға түстім.

60-тан астам ғылыми енбектерім жарық көрген.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Biography
Өмiрбаян