Өмірбаян

Светлана Андреевна Арыстамбаева Целиноград облысының Шортанды ауданының Жолымбет кеңінде 1972 жылғы 23 наурызында туды, ұлты украин, 1988 жылы Новоселовка орта мектебін медальмен бітірді.

 

1993 жылы Томск қаласындағы В. Куйбышев ат. Мемлекеттік  Университетін бітірді, мамандығы: философ, философия пәнін оқытушы.

2004 жылы Қаржы полициясы академиясын үздік дипломмен бітірді, мамандығы: экономика саласындағы тергеуші.

2006 жылғы 22 желтоқсанында «Құқықтық сананың мәні және ерекшеліктерін әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын Еуразия Ұлттық Университеті жанындағы диссертациялық кеңесте табысты қорғады. Ғылыми жетекшісі Нұрманбетова Джамиля Нүсіпжанқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі.

2015 жылы Москва қаласындағы Заманауи гуманитарлық академиясының магистратурасын бітірді, мамандығы: юриспруденция магистрі

Қаржы полициясы академиясының құрметті қызметкері (2011).

Запастағы қаржы полициясының подполковнигі (2014).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы парламентарийлердің ғаламдық ұйымының мүше-байқаушысы (2014).

Transparency Kazakhstan қамқоршылық кеңесінің мүшесі (2016).

С.А. Арыстамбаева 1993-1999 жылдары Ақмола қаласындағы Мемлекеттік медицина академиясының философия кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы табысты болып істеген. Сол кезде бірінші мақалаларын, ғылыми баяндамаларын, кітаптарын шығарған болатын. Кафедра меңгерушісі Саницкая Любовь Васильевна, философия ғылымдарының кандидаты, доцент болатын.

Қаржы полициясы академиясында қалыптастырудың бастапқы күнінен – 1999 жылғы тамыздан бастап кафедраның аға оқытушысы, кафедра бастығының (меңгерушісінің) міндеттерін уақытша атқарушысы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Ғылыми кеңес хатшысы, Академия бастығының ғылыми-зертеу жұмысын ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары (проректоры) лауазымдарда абыроймен мінсіз қызмет атқарды, қаржы полициясы подполковнигі арнайы атағымен зейнетке шықты, құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдары – 23 жыл. Осы кездегі рухани, зияткерлік және мамандық ұстаздары ретінде Светлана Андреевна Әбділдін Ж.М., Сулейменов Б.Ә., Хасанов М.Ш., Қоғамов М.Ш., Тілеухан Р., Смағұлов А.А., Молдабаев С.С. т.б. атақты адамдарды санайды.

Қазіргі кезде С.А. Арыстамбаева Қазақстанның үздік жоғары оқу орны – Еуразия Ұлттық Университетінің философия кафедрасында жұмыс істеуде, кафедра меңгерушісі – Есім Ғарифолла, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі.

Жалпы үзілмеген педагогикалық өтілі – 23 жыл, сол мерзімінде берілген пәндер: «Философия», «Логика», «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Дінтану», «Қазіргі жаратылыстану негіздері», «Құқықтық сананың философиялық проблемалары», «Әлемдік діндер негіздері», «Мамандық этикасы», «Мәдениеттану», «Ғылым тарихы мен философиясы», «Құқықтық сананы зерттеу мен қалыптастыру философиялық проблемалары», «Кино философиясы», «Шығыс философиясы», «Мәдениеттануды оқыту әдістемесі», «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы», «Онтология, диалектика және таным теориясы», «Бұқаралық мәдениет теориялары» т.б. өзі әзірленген авторлық арнайы курсты жүргізеді.

Сонымен қатар кәсіби біліктілікті арттыру курстарына «Психология», «Конфликтология», «Teambuilding», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–әрекет» және т.б. дәріс, семинар, тренингтерді өткізетін. Соңғы 7 жыл ағымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына аса назар аударып, бірнеше педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік әзірлеулерді даярлап, көпшілікке арналған нысандарында (флаер, оқытатын бағдарлама, презентация т.б.) жариялады. Республикалық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынталар мен ұсыныстарды айта отырып бірнеше мәрте болып шыққан. 

Өз біліктілік деңгейін жетілдіре отырып, С.А. Арыстамбаева философиялық және құқықтық мәселелер жөніндегі Жазғы мектеп пен университеттерінің, Халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардың бедел қатысушысы болып отыр. Өз педагогикалық және мамандық біліктілікті арттыру курстарынан өткені жайлы 32 сертификаттарға ие, сонын ішінде 7 – шетел (ағылшын) тілінде.

Жоғары оқу орындарындағы білім беру, ғылыми, ұйымдастырушылық, мәдени іс-әрекетінің дамуына қосқан үлесі зор. Арыстамбаеваның ғылыми саласы – философия, педагогика, құқықтық сана, жобалық менеджмент, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қылмыстықтың алдын алу проблемалары. 90-нен аса ғылыми жарияланымдары бар, олардың жалпы көлемі 130 шартты баспа табақтан тыс (2500-нан астам бет). Ол философия және педагогика мәселелер жөніндегі орыс және қазақ тілдерінде жазылған 11 кітаптың авторы.

HR саласындағы іске асырылған зерттеу тәжірибесі бар, ол  «Энхансер» (Швеция); «Делойт» (Ұлыбритания); Ицхак Адизес Институты (АҚШ т.б.), Қазақстан Республикасының Жобалық менеджерлер одағы, HCM&CC (Қазақстан) және т.б. консалтинг компанияларымен өзара жобаларын іске асыруға қатысқан.

С.А. Арыстамбаева қоғамдық өмірге белсенді қатысады: Қазақстан Республикасының Жас ғалымдар ассоциациясы басқармасының мүшесі, Қаржы полициясы академиясының Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрағасы, Офицерлер кеңесінің хатшысы, Әйелдер кеңесінің төрағасы болатын. Мемлекеттік тілді дамыту комиссиясы, құпиялылық режимін сақтау жөніндегі комиссиясы, тәртіптік комиссия, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді іріктеу комиссияларының төрағасы немесе мүшесі болып табылған. Жарғылар, Даму тұжырымдамалар, Операциялық жоспарлар секілді ЖОО негізгі жоспарлайтын және жұмыс қорытындыларын көрсететін құжаттарды әзірлеуге және жаңартуға тұрақты қатысады мен ұйымдастырады.

Сонымен қатар С.А. Арыстамбаева «Қаржы полициясы академиясының жаршысы» ғылыми журналының ашылғаннан бастап жабылғанына дейін жауапты хатшысы, бас редакторының орынбасары болып табылады. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» атты ақпараттық-насихат журналының ашылуына жәрдемдесіп, оның бас кеңесшісі болып табылады.

Қазақ және орыс тілдерді жетік меңгерген, мектепте және университетте оқығанда неміс тілді оқыды, қазіргі кезде ағылшын тілді меңгеруде.

9 грамотаға, 1 дипломға, «Қаржы полициясы академиясының 5-жылдығы» (2004), «Қаржы полициясы органдарына – 15 жыл» (2009), «Қаржы полициясы органдарына – 20 жыл» (2014) кеуде белгілеріне, «Қаржы полициясы академиясына - 15 жыл» (2014), «Құқық тәртібін қамтамасық етуге қосқан үлесі үшін» (2014) медаліне, «1-класс маман-тәлімгер» (2007) атағына ие.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Summary