Өмірбаян

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қозыбакова Фатима Ақынбаевна

 

Ф.А. Қозыбақова 1979 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.1990-1992 жылдар аралығында ҚазМУ-дың аспирантурасын аяқтап, 1992 жылдан Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының ассистенті, оқытушы, аға оқытушылық,доценті қызмет жолдарынан өтіп, бүгінгі күнде Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры болып қызмет жасайды. Жалпы ғылыми-педагогикалық қызмет стажы – 33 жыл.

1997 жылы «Қазақстан ауыл шаруашылығындағы «қанаушы топтарды» және жекешелер қожалықтарын жою тарихы, салдарлары» (1926-1933 жж.) атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1998 жылы «Қазақ байларын тәркілеу тарихынан» атты монографиясы жарық көрді. 2001-2004 жылдар арасында ҚазҰУ-дың докторантурасын бітірді. Бүгінгі күнде «Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930)» атты монографиясы жарыққа шықты. Сонымен қатар, «Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің экономикалық саясаты: нәтижесі және сабақтары (1920-1941 жж.)» атты оқу құралын шығарды. «Қазақстандағы кеңестік биліктің төтенше экономикалық саясаты (1920-1930 жж.)» атты монографиясы дайындалып, баспаға ұсынылды.

Ф.А. Қозыбақова 2 монография және 12 оқу құралының авторларының бірі. Оның ішінде Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Алматы «Қазақ университеті» 2005 жылы шыққан Білім және Ғылым Министрлігінің грантын жеңіп алған оқулықтың авторларының бірі. 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жариялаған. 2 типтік оқу бағдарламасының, 3-электронды оқулықтың авторы.

Ф.А. Қозыбақова тарих факультетінде «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы», «Қазақстанның жаңа заман тарихы», «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформалары», «Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформалары» және тарих емес факультеттерде «Қазақстан тарихы» курстары бойынша лекциялар мен семинарларын жоғары оқу орындарының талаптарына сай жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өткізеді. Бүгінгі таңда магистранттарға «Орталық Азия тарихының өзекті мәселелеріне қазіргі заманғы теориялық-методологиялық көзқарас» және «Ғұн, үйсін, қаңлы тайпалық бірлестіктер мен мемлекеттерінің теориялық-методологиялық мәселелері» атты базалық курстар мен таңдау курстарын оқиды. Сонымен бірге, бітіруші студенттердің диплом жұмыстары мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етіп келеді.  

Ф.А. Қозыбақова берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Оның жетекшілігімен жыл сайынғы ғылыми дәстүрлі студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» халықаралық конгресінде 20-дан астам студенттері баяндама жасап, оның ішінде бірнеше студенті министрлік тарапынан ІІІ дәрежелі дипломмен және университет, факультет тарапынан дипломдармен марапатталған. Оның еңбегі бірқатар ректорат алғыстарымен атап өтілген. 2009-2010 оқу жылында Әл-Фараби атындағы қазҰУ-нің тарих факультетінің «Үздік оқытушы» атағын иеленді. 2013 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып сайланып, осы академияның академигі атағын иеленді.

Іс-тәжірибе алмасу мақсатында жыл сайын алыс- жақын шетелдерде өтетін ғылыми стажировкалар мен халқаралық ғылыми конференцияларға қатысып; Лавкоша (КИПР), Париж (Франция), Измир (Турция), Стамбул (Турция), Анкара (Турция), Берлин (Германия), Болгария елдерінде ғылыми мақалалары жарық көрген.

Шетелдерде жарияланған негізгі ғылыми еңбектері;

  1. Russification Policies in the Education System in Turkestan (Lefkosa, Cyprus)                                        
  2. Integration of Higher Education in the Republic of Kazakhstan National Innovation Systems (Lefkosa, Cyprus)   
  3. Theoretical Aspects of Russification Policies of the Russian Empire in Turkestan in the Late 19th – Early 20th Century (Issue 78, June 2013 Paris)                      
  4. Carlik rusyasi’nin TURKISTAN siyaseti (Yedikita 56-63 c) (Istanbul, Turkey).
  5. 1920-30’lu yillar arasinda TURKISTAN ve toprak sorunlari (The pursuit of history) (Konya, Turkey).             
  6. Command-Administrative System in Kazakhstan in the Postwar Period:
    The Characteristic and Features of the Functioning.

World Applied Sciences Journal 29 (8): 1082-1086, 2014
ISSN 1818-4952
© IDOSI Publications, 2014

http://scientific.thomsonreuters.com/cgi-bin/jrnlst/jlresults.cgi?PC=MASTER&ISSN=1818-4952 (THOMSON REUTERS).

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Список трудов