Өмірбаян

Шункеева Орынкүл Әбдығалиқызы

Орынкүл Әбдығалиқызы Шункеева педагогика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту кафедрасында доценті, Қазақстан мектептеріндегі бастауыш орыс сыныптарында орыс тілінің әдістемесі саласындағы белгілі маманы, 1956 жылы, мамыр айының 16 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш мекенінде дүниеге келген. Жалпы педагогикалық кызмет атқаруына 37 жыл болса, оның 31 жылы жоғарғы оқу орнында қызмет етуде. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінің «орта мектептегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын игеріп, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саралжын орта мектебінде педагогикалық қызметін бастады.

1984 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде бастауыш сынып мамандарын даярлауда (ол кезде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институт).

1991 жылы В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің п.ғ.д., профессор М.Р.Львовтың жетекшілігімен орыс тілі мен бастауышта орыс тілін оқыту кафедрасында стажировкадан өтті.

О.Ә. Шункееваның жетекшілігімен дайындалған ғылыми баяндамалар Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің дипломмен мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталды.

П.ғ.д., профессор Жанпейс У.А. жетекшілігімен 2004-05 оқу жылында Қазақ ұлттық мемлекеттік педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиетінің теориясы мен практикасы кафедрасында стажировкадан өтіп, 2006 жылы сол университетте «Формирование словообразовательной компетенции учащихся на начальной ступени обучения русскому языку» атты кандидаттык диссертацияны сәтті қорғап шықты.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 2007 жылы 6 шілдеде доцент академиялық атағы берілді, ал 2009 жылы 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Білім және және ғылым бақылау комитеті шешімімен (№5 хаттама) Педагогика саласы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

Ол үнемі өз шеберлігін дамыту мақсатында жалпы білім көтеру орнында лингводидактика мәселелері бойынша лекция оқып. сонымен қатар әр түрлі семинарлар мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (халықаралық және ұлттық) ғылыми конференцияларға қатысады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және және ғылым министрлігінің комиссиясымен жоғарғы оқу орындарын тексеруге ат салысты.

Шункеева О.Ә. 50-ден астам мақалалар иесі, соның ішінде нөлден жоғары импакт-факторы бар басылымдарда, оқу-әдістемелік құралдары бастауыш мектеп мамандарына және болашақ мұғалімдерге арналған.

Студенттер арасында откізілген сауалнама нәтижесінде «АГМИ-дің үздік оқутышысы» 2008 жылы берілді.

Көп жылдар бойы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін 2010 жылы  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

Шункеева О.Ә. өз біліктілігін үнемі арттыруда: 2011 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ доценті, физика-математика ғылымдарының докторының «Конкретная педагогика» атты авторлық курсын өтті; 2012 жылдың 12-30 сәүірде Манфред Хакидің «Менеджмент в системе образования» атты семинар SES өтіп, сертификаталды; 2015жылдың 25 мамырмен 3 маусым аралығында «Основные принципы университетской педагогики» атты курстан Валенсия университетінде (Испания)отіп, сертификат алды.

2015 жылдан ҚР БжҒМ-ның Ғылыми комитет бойынша «Ауылдық ресурстық орталықтар мен және өз бетіндік жұмыс жасайтын ШЖМ-ді бірыңғай ақпараттық – білім беру технопаркіне (ЖОО базасындағы базалық- тірек мектебіне) шоғырландыру» атты ғылыми жобанын негізгі маманы болып зерттеу жұмыс жасайды. Осы жоба шеңберінде халықаралық байланыстар орнатылған.

2015жылы Массафра, Таранто қалаларында (Италия) Ольштындағы Вармин-Мазур университеті (Польша) және «Bona Sforza» атты Италия-Польша қоры ұйымдастырған конференция және жаздық семинарына қатысып,басқа әріптестерімен пікір –талас алмасып, байланыстарды нығайтты.

Шункеева О.А. сауатты, бастауышта орыс тілін оқыту теориясы мен технологиясының құзіретті маманы, адамдармен тез тіл табысып, жекеде, командаменде жұмыс жасай алады, әріптестер және студенттер арасында беделі мол ұстаз.

Үлкен шаңырақ ұйтқысы, жұбайы белгілі ғалым, ұл-қыз тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отырған жайы бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Autobiography