ӨМІРБАЯН

03.07.1974 жылы туған.  1991 жылы  №120 орта мектепті бітірген. 1992 жылы Санкт-Петербор  Гуманитарлық Университетіне HХT мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы «Көркемөнер ұйымдастырушысы – Өнертану менеджері» біліктілігімен бітіріп шықты.

Сондай-ақ 2093 жылы Калинин аудандық балалар көркемөнер орталығына «бастапқы техникалық модельдеу үйірмесінің меңгерушісі» болып жұмысқа қабылданып, 2006 жылы сол жұмыс орнында «Компьютер үйірмесінің» басшылығына ауысып, 2022 жылға дейін қызмет атқарды.  Жұмыс барысында алғыстар алып, алғысы еңбек кітапшасына енгізілді.

2009 жылдан бастап, бір мезгілде Алматы Филиалы Санкт-Петербор Гуманитарлық Кәсіподақтар Университетінің «Әлеуметтік мәдени-технологиялар» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Жұмыс барысында көптеген мақалалары жарық көрді. Жыл сайын әр түрлі ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге баяндамашы ретінде де, баяндамасыз да қатысты.

2022 жылы Мәскеу халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясынан қайта даярлаудан өткен соң  «Информатика және АКТ оқытушысы» мамандығы бойынша «Халықаралық Бизнес Академиясы колледжіне» информатика және арнайы пәндер оқытушысы ретінде тұрақты жұмысқа қабылданды.

Сағаттық жалақы шарты бойынша ШАГ компьютерлік академиясына CISCO ITE курсының оқытушысы ретінде қабылданды.

Бүгінгі күнге дейін және өткен кезеңде:

  • 2003 жылы Санкт-Петербор Гуманитарлық Университетіне Режиссёр (кәсіби театр және кино) мамандығына түсіп, 2006 жылы «Режиссёр, бағдарлама мультимедиясы режиссёры» біліктілігін алды.
  • 2012 жылы «Экрандық шығарманың көркемдік кеңістігі: типологиясы, образдылығы, стилистикасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, «Өнертану ғылымының кандидаты» ғылыми атағын алды.
  • 2016 жылы MAIN Халықаралық Информатизация Академиясының толық мүшесі болып қабылданды.
×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

BIOGRAPHY
45 түрлі дәрі ойлап тапқан