Өмірбаян

Тілеукеев Жамбыл Әбдірахымұлы 1984-ші жылдың шілде айының 15-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылында дүниеге келгенмін. Ұлтым-қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1991-ші жылы Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылы «Маяк» орта мектебінің 1-ші сыныбына оқуға қабылдандым. Аталған мектепті 2001-ші жылы аяқтадым. Мектеп қабырғасында оқи жүріп мен Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен үш рет облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы атандым.

2001-ші жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Механикаландыру және энергетика» факультетінің «Электрмен жабдықтау» мамандығына құжаттарымды тапсырдым. Мемлекттік тапсырыс негізінде аталған мамандықтың білімгері атандым. Университет қабырғасында оқи жүріп мен, факультет лидері, волейболдан «Механикаландыру және энергетика» факультетінің  команда капитаны, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, жемқорлыққа қарсы қүрес тобының жетекшісі, факультет деканының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болдым. 4-ші курстың екінші семестрінен бастап «Электрэнергетика» кафедрасының мәжілісінің шешімімен мені аталған кафедраға лаборант қызыметіне жұмысқа қабылдады.

2006-шы жылы аталған Университеттің «Электромеханика» мамандығын үздік дипломмен аяқтадым. Біліктілік дәрежем – инженер-механик. Сонымен қатар ТарМУ-дың әскери кафедрасын аяқтадым. Әскери атағым - лейтенант. Оқуымды аяқтағаннан кейін мен осы кафедрада оқу шебері, зертхана меңгерушісі, ассистент, оқытушы қызыметтерін атқардым. Жұмыс барысында мен «Электротехниканың теориялық негіздері», «Электр өлшемдері» пәндерінен оқулықтар жасадым. Төрт жыл қатарынан студенттік құрылыс жасақтарының координаторы болып , жас сарбаздармен жұмыс атқардық. Үздік нәтижиелерге жетіп облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен, ТарМУ ректорының  алғыс хаттарымен марапатталғанмын. 2007-ші жылы «Электрэнергетика» кафедрасының ұсынысымен мен құжаттарымды магистратураға тапсырдым. «Электрэнергетика» мамандығы бойынша магистрант атандым. 2009-шы жылы магистратураның толық курсын аяқтап «Техника ғылымдарының магистры» академиялық дәрежесін алдым. Спорттағы жетістігімде жаман емес кол  күресінен, волейболдан, баскетболдан, футболдан университеттің бірнеше дүркін жеңімпазымын.  Қазігі кезге дейін осы аталған университеттің аға оқытушы қызметін атқарып келемін.

2010-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің арнайы тексеруінен өткенмін.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Корпоративная презентация EuroAsia Insurance
Өмірбаян