Өмірбаян

Сейлова Нургуль Абадуллаевна, техника ғылымдарының кандидаты

Сейлова Нургуль Абадуллаевна 1979 жылы 23 мамырда Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

1996 жылы №36 орта мектепті үздік бітіріп, Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға түсті. 2001 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің "Есептеу машиналары, жүйелері мен желілері" мамандығы бойынша инженер-сұлбатехник дипломын алды.

Еңбек жолын 2001 жылы "Есептеу техникасы" кафедрасының стажер-оқытушысы қызметінен бастады.

2004 жылы 05.13.01 "Ақпаратты жүйелік талдау, басқару және өңдеу" мамандығы бойынша аспирантураны аяқтады. 2010 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертация қорғады.

Кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық қызметпен белсенді айналысады. Гранттық қаржыландыру бойынша бірқатар жобалардың ғылыми жетекшісі: "Шифрлаудың блоктық симметриялық алгоритмін әзірлеу"(ҚР ЦДИжАӨМ), "Ақпаратты белсенді қорғау жүйелеріндегі кеңістіктік электромагниттік шуылдың сапасын бағалау" (ҚР БҒМ ҒК) және шаруашылық келісімшарт тақырыптары. "Есептеу техникасы" кафедрасының ассистентінен доцентіне дейінгі жолды өтті.

2013 жылы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылы конкурс бойынша "Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау" кафедрасының меңгерушісі лауазымына сайланды және 7 жылдан астам уақыт бойы кафедраны басқарды. Кафедра басшылығы кезінде ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламалары әзірленді, магистратура мен докторантураны дайындауға лицензиялар алынды.

2019 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының директоры қызметіне тағайындалды.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультетінің деканы.

Сейлова Нургуль Абадуллаевна қазақ және орыс тілдерінде "Ақпараттық қауіпсіздік" (бакалавриат, магистратура және докторантура) даярлау бағыты бойынша үлгілік бағдарламаларды, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілердің бірі болып табылады. Оқу құралдарының, тәжрибиелік және зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік әзірлемелердің, ЖАК ұсынған журналдарда және шетелдік журналдарда (РҒДИ, Scopus, Web of Science) 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде халықаралық және республикалық конференцияларда баяндамалардың авторы.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жанындағы диссертациялық кеңесте жұмыс істеген. 6D070300 – "Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)", 6d070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", 6D075100 – "Информатика, Есептеу техникасы және басқару", 6D070200 – "Автоматтандыру және басқару", 6D071900 – "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар" докторлық диссертациясын қорғау бойынша (ғылыми хатшы, төрағаның орынбасары).

Қазіргі уақытта ақпаратты криптографиялық қорғау алгоритмдерін әзірлеу, жеке шифрлау алгоритмін құру, Шу генераторлары сапасының сипаттамаларын зерттеу әдістері және ақпараттық қауіпсіздікті басқару міндеттері саласында ғылыми зерттеулерді дамытуды жалғастыруда.

 

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Autobiography