ӨМІРБАЯН

Тореқұлова Шарипа Абдугаппаровна 1964 жылы 6-шы мамырда Төлеби ауданы, "Жаңа ұйым" ауылында дүниеге келдім.

1972-ші жылдың  қыркүйек айында Шымкент облысы, Ленгір қаласындағы №17-ші мектеп-интернатына 1-сыныпқа бардым. 1982-жылы Ленгір қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы №2-ші орта мектебінің түлегі болдым. Сол жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия—технология институтына оқуға түсіп, студент атандым.

1987-жылы жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап, диплом иесі атандым. Білім ордасын аяқтаған жылы өзім бітірген жоғары оқу орнының органикалық емес химия факультетіне жұмысқа қабылдандым.

1998-жылы осы аталған жоғары оқу орнындағы аспирантураға оқуға түстім.

2000-жылы Москва Мемлекеттің Университетінің (МГУ) минералогия факультеті жанындағы минералдарды зерттеу жөніндегі гемология бөлімшесінің тыңдаушысы атанып, табиғи асыл тастармен жұмыс істеу жөніндегі мамандығы бойынша куәлік иегері атанып шықтым.

2006-жылдан жеке кәсіп ашып, табиғи асыл тастары бар зергерлік бұйымдар сатумен айналысып келемін.

2013-жылы Москва қаласындағы Халықаралық психологиялық Ғылым Академиясына оқуға түсіп, 2016-жылы корреспондент мүшесі атандым.

2016-жылдан бастап шет тілдер үйрену курсына барып, ағылшын тілін жетік меңгеріп алдым.

Қазіргі таңда lT-технологиясы бойынша жеке интеллектуалдығымды дамытумен айналысып, Blockchain жүйесі арқылы криптоәлемнің қыр-сырын меңгерудемін. Көштен қалып кетпес үшін, өзімнің білгенімді өз ортамда бөлісіп, үйретумен айналысудамын. Үш перзентті дүниеге әкелдім.Бүгінде перзенттерім өз отбастарын құрып,13-немере сүйіп отырмын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Список трудов
Өмірбаян