Өмірбаян

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

Әжібекова Гүлнәр Жамаханқызы, 1952 жылы 9 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1973 жылы Алматы педагогикалық шетел тілдер институтындағы (АПШТИ) ағылшын тілі факультетін бітірді.

1973 жылы институтты бітірісімен әдіскер, содан соң Алматы облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтында шетел тілдер кабинетінің менгерушісі қызметін атқарды. 1974 – 1980 жылдар аралығында АПШТИ шетел тілдер грамматикасы кафедрасында сынақ мерзімінен өте жүріп, іштей аспирантурада оқыған. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1980-1991 жылдар аралығында ҚазССР ҒА тілбілімі Институтында еңбек еткен.

1980 - 1981 жылдар аралығында Гүлнәр Жамаханқызы Мәскеу қаласында СССР ҒА тілбілімі Институтында сынақ мерзімінен өтті. 1983 жылы филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу мақсатымен диссертация қорғап шықты.

1983 жылы диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Әлемдік экономикалық қатынастар» факультетінде, әлемдік тілдер кафедрасы менгерушісі қызметін атқарды. Гүлнәр Жамаханқызының бастамасымен университетте Мәдениет пен тілдер (ағылшын, неміс, корей, турік, жапон, қытай және т.б. тілдер) орталығы ашылды.

Гүлнәр Жамаханқызы бірнеше мәрте ағылшын тілдер елдеріне сынақ мерзімінен өтуге, сондай – ақ АҚШ елшілігімен кеңестік кезеңнен кейінгі елдер үшін ұйымдастырылған ғылыми - әдістемелік конференцияларда сөз сөйледі.

2002 – 2011 жылдары Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі болды, ал 2011 жылдын қазанынан бастап Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ – дың шетел тілдер кафедрасы доценті,аға оқутышысы.

Көптеген үлкен ғылыми – зерттеу және оқу – әдістемелік жұмыстар өткізді. Оның ғылыми зерттеулер қатарына жалпы тілдербілімін игеру мәселелері, тюркология және герман тілдер мәселесі, лексикология, қос тілдер және түсіндірмелі сөздіктер құрастыру кіреді. Сонымен қоса 40 – тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Ол ғылыми монография, оқу құралдарың, оқу – әдістемелік әзірлемелерін, қос және үш тілдік сөздіктерін дайындап шығарды.

Шетел тілдер кафедрасында халықаралық білім беру ұйымдарымен және Қазақстандағы Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Италия, Испания елшіліктерімен сонымен қатар Араб мәдениет орталығымен бірлесіп жүйелі жұмыстар атқарды. Өзінің тікелей қатысуымен АҚШ елшілігінің ақпараттық кызметтерімен (USIS), АҚШ-тың халықаралық қарым – қатынастар Агенттігімен (USAID), Қазақстан Республикасындағы Ағылшын – американдық қорымен, «Global Education» Американдық білім беру орталығымен, Британ Кеңесімен, коммерциялық емес американдық білім беру ұйымы «Global Sourсe Net» Қазақ дербес бөлімшесімен, АҚШ елшілігінің әлемдік корпусымен, «Альрамин», «МакМиллан» Британдық білім беру орталықтарымен және т.б. ұйымдармен байланыстар орнатылған.

Осындай қатынастардың маңызды нәтижелерінің бірі, құрамына үш шет тіліндегі ғылыми, оқу әдістемелік, көркем әдебиет, анықтамалық және мерзімдік әдебиеттерінен құралған шағын кітап қорының пайда болуын, сондай – ақ кафедраның материалдық – техникалық базасының ақысыз негізде жақсаруына себепкер болды.

Гүлнәр Жамаханқызының жетекшілігімен шетел тілдер кафедрасының оқытушылары мен шетелдік білім беру ұйымдарының ағылшын тілін қолданушыларының қатысуымен ағылшын тілін білетін мамандарды даярлау жүйесін жөнге келтірді. Мұнай және газ ісі, ақпараттық технологиялар, экономика және бизнес мамандықтары бойынша бірінші курстан бастап сабақ ағылшын тілінде өтетін тәжірибелік топтардың құрылуына қатысты, және де Гүлнәр Жамаханқызының белсенді қолдауының арқасында студенттерді Кипрдегі Американдық университетте оқыту жүргізілді.

2002-2011 жылдар аралығында Г.Ж.Әжібекова ағылшын тілінің 6 деңгейі бойынша студенттер, магистранттар, оқытушылар және университет қызметкерлері үшін, шетелдік білім беру компанияларынан мамандарының қатысуымен және кафедраның басты жетекші оқытушыларының қатысуымен кешкі курстар жүргізілуіне жетекшілік етті.

Бастамашылық қызметінің арқасында Г.Ж. Әжібекова және оның жетекшілігімен кафедрада мамандарды тіл дайындау үшін бірегей бағдарлама – «Inter-Varsity» халықаралық лингво-мәдени бағдарлама шеңберінде шетелдік эксперттер: Оксфорд университеті және Нидерланд және Канаданың жетекші мемлекеттік университет оқытушыларының қатысуымен студенттер мен магистранттар үшін жазғы курстар іске асырылып жатыр . Жыл сайын ҚазҰТУ-дың 40 студенті осы бағдарламаға ақысыз негізде қатысады. Осы лингво – мәдени бағдарлама қатысушыларына тек қана ағылшын тіл білімі деңгейін жоғарлатып ғана қоймай, сонымен қатар ағылшын тіл елдерінің дәстүрі, мәдениетімен танысып, шығармашылық белсенділік көрсетуге мүмкіндік береді.

Г.Ж.Әжібекованың жетекшілігінің арқасында келісілген Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ техникалық университеті мен Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті арасындағы стратегиялық серіктестіктің қосымша келісімі шеңберінде 2010 жылдың қараша айында ҚазҰТУ-да оның басшылығымен шет тілдер кафедрасы базасында «Техникалық ЖОО-ның студентін басқа тілде даярлау. Қазақстан мен Ресейдегі тәжірибе мен даму» тақырыбы бойынша алғашқы рет халықаралық ғылыми – практикалық семинар өткізілді. Халықаралық ғылыми – практикалық семинар өткізудің мақсаты, шет тілдер оқытушыларының тәжірибе мен заманауи әдістер және оқытуды ұйымдастыру процесстерінің тәсілдерімен алмасу, шет тілдерін оқыту тәжірибесіне мультимедиялық оқыту бағдарламаларын, электрондық қорлар сияқты заманауи технологияларын енгізу, сондай – ақ оқытушылардың профессионалды біліктілігін арттыру болып табылады.

Г.Ж.Әжібекованың тікелей басшылығымен ТМД елдер техникалық ЖОО студенттерінің арасында 2011 жылы ағылшын тілі бойынша бірінші халықаралық профессионалды-нысанды интернет-олимпиада жүргізілді, жетекші және ұйымдастырушылардың бірі оның қол астындағы кафедра болып табылды. Осы олимпиадаға Қазақстан мен Ресейдің 16 жооының 500 студенті қатысты. Үш жеңімпаздың біреуі КазҰТУ-дың студенті болды.

Г.Ж. Әжібекова А. Машанов атындағы базалық білім беру Институтының Ғылыми Кеңесінің мүшесі, Абылай хан атындағы ҚазҚҚ&ӘТУ Кеңесінің мүшесі, аймақтық жоолардың шет тілдегі оқу-әдістемелік басылымдарына рецензия беретін тәжірибелік комиссияның мүшесі болып табылады. Халықаралық үлгідегі көптеген сертификаттарға ие.

Г.Ж.Әжібекова «Экология және тіршілік әрекеті қауіпсіздіктері» халықаралық ғылыми Академияның корреспондент мүшесі болып табылады, Я.А. Коменский атындағы халықаралық «За заслуги в образовании», «Айрықша Еңбегі Үшін » медальдарымен, университеттің және министрлік ведомствосына қарасты мақтау қағаздарымен және де Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің құрмет грамотасымен марапатталған.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Summary