Өмірбаян

Ғылымі техникалық кандидаты, доценті

Киргиз ССР -нің Фрунзе ауылы Тюп ауданында 1950 жылы тамыздың 29-ы күні дүниеге келген. 1965 жылы Светлый Мыс ауылында 8 жылдық мектепті бітіріп, 1967 жылы Курменты ауылындағы 10 жылдық орта мектепті бітірді.

1967 жылы жумысын СМУ-13 «Алма-Атаотделстрой» трестiнен бастады.

1968-1973 жылдар ҚазПТИ металлургия факультетінде оқыды. 1969 ж. студент құрылыс отрядының комиссары. 1969-1973 жж. факультеттің комсомол ұйымының хатшысы. 1970-73 жж. Ленин стипендиясының иегері, үздік оқуды бітіріп түсті металдар металлургиясы мамандығы бойынша инженер-металлург дипломын алды.

1973 – 1976 жж.ҚазПТИметаллургия факультетінің ауыр түсті металдар металлургиясы кафедрасында аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды. Факультеттің мамандар және жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болды. 1978 ж. кандидаттық диссертацияны қорғап, АТММ кафедрасында КҒЖ, АҒЖ келісім-шарттар бойынша жұмыс істеді. Сульфидтердің тотықсыздану бойынша, ИМЗ мыс концентраттарының агломерациясы бойынша, ЖТКМК МЗ мыс шихтасын электрбалқыту бойынша зерттеу жүргізді.

1979 АТММ кафедрасының аға оқытушысы болып істеді. Түсті металдар металлургиясы бойынша тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды жүргізген. 1980 ж. доценті болып сайланды. 1980–1983 жж. металлургия факультетінің деканның орынбасары болып жұмыс істеді. Түсті металдар (мыс, мырыш, никель, қорғасын) өндірісінің технологиясы бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды жүргізді. Сонымен қатар 3-5 курс студенттер арасында оқу-тәрбие жұмыстар жүргізді.

В 1982-1997 жж.АТММ кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.Сульфидтердің тотықсыздану, штейндерді автоклавты сілтілеу, Қаратау фосфориттердің жылуфизикалық қасиеттер, металдар ұнтақтарды өндіру технологиясы бойынша зерттеулерді жүргізді. Факультеттің әдістемелік кеңесінің төрағасы болды, Ал 1995-1996 жылдар ҚазҰТУ-дың әдістемелік кеңесінің төрағасы.

1997–2000 жж.ҚР Қаржы Министірлігінің Мемлекеттік Мүлік және Жекекшелендіру Комитетінде бас маманы болып істеген. Мониторинг жүргізу үшін құжаттар дайындау сұрақтарымен айналысқан және өндірістердің жұмыс істеу талдауын жасаған.

2000 ж.Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың қабылдау комиссиясыныңжауапты хатшысы болып тағайындалды.Қабылдау комиссия секретариатының жұмысы жоғары дәрежеде өткізілді және университет басшылығынан премия ұсынылды. 2001 ж. Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың инфармационды-аналитикалық орталығының директоры болып тағайындалды. ИАО-ны құру жұмыстарын жүргізді және информационды материалдар мен ҚазҰТУ сайтының мазмұнын ашты.

 2002-2008 жж.Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың металлургия және полиграфия Институтының ТММ кафедрасының доценты болып қызмет атқарады.

2008 -2011 жж. К.И Сатпаев атындағы КазҮТУ-нің Ә.Ж.Бүркітбаев атындағы Металлургия жәңе полиграфия институтының директоры.

Публикация тізімі: 60 жұмыс, оның арасында мақалалар, авторлық куәліктері, ҒЗЖ-ның патентері, 2 оқу пособиясы жаңе 1 электронды оқулығы бар.

1969 жылы «За освоение целинных земель» медалімен және Қазақстанның ЦК ЛКСМ, Қазақ ПТИ құрмет грамотасымен марапатталған. 2009 ж. «Еңбеғі ерен үшін» медалімен марапатталған.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Персональный стратегический менеджмент - химия, би...
Түйіндеме