Өмірбаян

Мен, Қизатов Бақытбек  Құрманбекұлы, 1962 жылы 16 қарашада Тарбағатай ауданы Жаңалық ауылында дүниеге келдім. 1970-ші 1980-ші жылдары Жаңалық аулындағы М.И.Калинин атындағы орта мектепті бітірдім.

1980-ші мектепті аяқтағаннан кейін, Москва ауылшаруашылық өнеркәсібі инженерлері институтына түсіп, оны 1985 жылы бітірдім, инженер-механик. Бұдан басқа 1997-1999 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша сырттай оқып, бітірдім.

1985-ші 1988 жылдары ШҚ облыстық стандарттау және метрология лабораториясында инженер, стандарттарды ведомстволық қадағалау бөлімі ведомстволық қабылдаудың аға инженері болып істедім.

1988 жылдың ақпанынан 1990 жылдың наурызына дейін Кеңес Армиясының қатарында взвод командирі, рота командирінің орынбасары болып, қызмет атқардым.

1990-шы 1996 жылдары Шығыс Қазақстан Облагроөнеркәсіптехниканың Облыстық материалдық-техникалық жабдықтау базасында директордың теміржолмен тасымалдау бойынша орынбасары, бас инженері болып жұмыс істедім.

1996 жылдан еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдамалықтарды мемлекеттік бақылау саласында жұмыстамын.

2001-ші жылдан 2013-ші жылдары ШҚО бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің директоры және 2013 жылдан осы кезге дейін облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарамын.

Үйленгемін, әйелім- Қизатова Бағдагүл Құмарханқызы, қыздарым Әсел мен Әсем, немерем Айзере.    

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Autobiography