Өмірбаян

Әбдімұратов  Жандулла Суинуллаұлының өмірбаяны

1957 жылдың 14 қарашасында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

Мекенжайы – Алматы облысы, Қаскелең қаласы.

1975 жылы мектепті  аяқтағаннан кейін,  еңбек жолын  № 12 Минсельстрой  тресінің жұмысшысы болып  бастаған.

-1976-1978жж. – Совет Армиясының қатарында қызмет.

-1979-1984жж. – Алматы  сәулет-құрылыс институтының, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша   жоғары оқу орнында білім алды.

-1984-1992жж.-№12 Минсельстрой тресінің прорабы, өндірістік бөлімінің басшысы.

- 1992-1999жж. – «Алматы облспецремстрой  РСУ»  бірлістігінің  директоры.

-1999-2005жж. – «Жөндеу-Құрылыс» ЖАҚ Президенті

- 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС бас директоры

«Нұр Отан»  партиясының мүшесі. Белсенді қоғамдық іс атқарады.

Әбдімұратов  Жандулла Суинуллаұлы – «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС  компаниясының  негізін қалаушысы және басшысы,  оның  басшылығымен  көптеген  түрлі тағайындауларға арналған  ғимараттар салынған.

2003 жылы  дүлей апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстары   бойынша  Жамбыл облысының Луговое бекетінде 25  тұрғын үй салынды.   Райымбек ауданының  Сүмбе ауылында  жер сілкінісінен зардап шеккен,  15 тұрғын үйге  жер сілкінісіне   төтеп беретін  жұмыстар жүргізілді.    Қысқа мерзім ішінде   Текелі қаласында жер сілкінісінен зардап шеккен №1 орта мектеп ғимаратына  күрделі жөндеу және жер сілкінісіне төтеп беретін   құрылыстық-жөндеу жұмыстары  орындалды, Қызылағаш   су қоймасының  дүлей апат салдарын жойылған   жұмыстарына  қатысты,  халыққа  көшелер мен үйлерді  және басқада маңызды нысандарды  жөндеу жұмыстарына  қатысты,  мәдениет үйінің   күрделі жұмысын және  жергілікті халық үшін  тұрғын үйлер қатарын салды.  

«2007-2010 жылдары «Тұрғын үй Бағдарламасы» бойынша  жалпы көлемі 28 400 шаршы метр бес қабатты  үйлерде 355 пәтер  және жалпы көлемі 1600 шаршы метр бір қабатты  үйлер салынды.

Білім саласында  «100 мектеп, 100 аурухана»  Бағдарламасы бойынша 21 мектеп салынды, 980 орынды   жеті балабақшаға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 560 орындық балабақша құрылысы пайдалануға берілді, Үкіметтің дағдарысқа қарсы  «Жол картасы»  бағдарламасы бойынша Алматы облысының орта мектептерінде және басқада 17 нысандарында   күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, құқық қорғау саласында  2013 жылдан бастап Алматы облысы Жамбыл ауданының ҚР ХБК  шекаралық қызметі үшін  "Кастек"  кешенді шекаралық бекеті, Алматы облыстық прокуратурасында күрделі жөндеу жұмыстары, Жаркент қаласында Панфилов аудандық прокуратура ғимараты құрылысы жүргізілді, денсаулық сақтау саласында  Алматы облысы бойынша 205 кереует көлеміндегі және аусымында 300 адам қабылдайтын  4 ғимараттың  қайта құру жұмыстарымен қатар   құрылыс жұмыстары  жүргізілді, әлеуметтік мәдениет саласында  Шамалған, Жансүгіров  және Мерей ауылдарында «мәдениет үйлерінің» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014-2015 жылдары   Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылында 600 орындықты және 400 орынды жатақханасымен  кәсіптік-техникалық лицейдің құрылысы аяқталды. 

Ағымды жылда  Алматы қаласы Алатау ауданындағы  №26  КМК Жалпы білім беру мектебінің ғимараты  пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта Алматы облысы  Сарқан ауданының  Сарқан қаласында, Ақсу және жақын орналасқан аудан халықтары үшін, құрылысы толық аяқталмаған әйелдер босанатын үйді, 105 кереуеттік және аусымына 300 адам қабылдайтын Орталық аудандық емхана стационарлық бөліміне ыңғайлап қайта жасау жұмыстарын жүргізуде.

Әбдімуратов Жандулла  Суинуллаұлы  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік және еңбек тәртібін  мүлтіксіз  сақтайды. Басшы ретінде,  өзінің ісін  үлкен жауапкершілікпен қысқа мерзімде сапалы орындаушылығымен,  және стратегиялық ойлаушылығымен,  бастамашылдығымен  және  талап қойғыштығымен,  үлкен көлемді жұмыс атқару  қабілеттілігімен ерекшеленеді. Тапқыр, алға қойған мақсатына  қол жеткізуде тез шешім қабылдай алады. Үнемі отандық және шетел ғылымының, техника және өндірістің жаңа жетістіктерімен және олардың замануи  даму бағыттарымен танысып отырады.  Барлық жаңалықты тәжірибеге енгізеді,  өзінің жеке үлесін  өндіріс, еңбек және басқарушылық  ұйымдарды  жетілдіру  жұмыстарына қосады, басталған істі толығымен аяқтауға тырысады.   Отты, ұқыпты,  өз пікірін қорғай алады.

Бүгінгі күнде  Әбдімуратов Жандулла  Суинуллаұлы   кәсіби басшы,  оның арқасында  «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС  Алматы облысындағы  бюджетті  жылсайынғы салықтармен және 200 000 млн теңгеге дейін  міндетті төлемдермен  толықтырып отырған  ойдағыдай компания.

Құрылыс өндірісін дамытудағы  еңбектері үшін 2006, 2007,2009,2012 жылдары  Алматы облысы Акиматының  «Құрмет грамотасымен» марапатталған, 2008 жылы «Қазақстан Республикасының  Құрметті құрылысшысы»  атағын иеленді, Қазақстан Республикасы  Президентінің №1117 Жарлығымен  2010 жылдың 07- желтоқсан айында мемлекеттік және қоғамдық істердегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық  және мәдени дамуына қосқан  еңбектері  үшін  «Құрмет» орденімен марапатталды.

2017 жылы Қарасай аудандық Акиматы Қарасай ауданының  әлеуметтік-экономикалық  дамуына қосқан үлесі үшін  «Қарасай ауданының  Құрметті азаматы» атағымен марапаттады.

ҚР қоғамдық мемлекеттік емес  ұйымдарының марапаттары

 2014 жылы  құрылыс,   экономика және Қазақстан Республикасының халықаралық абыройын нығайту  саласындағы  еңбектері үшін  ҚР-дағы Ұлттық бизнес-рейтинг  Ұйымдастырушылық   комитетінің  «Даңқ жұлдызы Қазақстан Экономикасы»  орденімен марапатталды.

Астана қаласы Ұлттық бизнес-рейтинг Ұйымдастырушылық  комитеті-нің «Жыл басшысы-2014» номинациясының «Ұлттық сертификатымен» марапатталды. 2015 жылы Ұлттық бизнес-рейтинг  Ұйымдастырушылық  комитетінің шешімімен басқарушылық шеберлігі, кәсіпорын жұмысын нәтижелі ұйымдастырғаны және қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне қосқан үлесі үшін  «экономика мақтанышы» орденімен марапатталды.

2015 жылы «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық  қазақ шығармашылық  бірлестігінің «Құрмет белгісі» және Алтын қыран-2015» орденімен марапатталды.

2016 жылы озық кәсіпорынды тиімді басқарғаны және елімізідің  экономикасының дамуына қосқан  жеке  үлесі үшін  «Decus oeconomicae»   орденімен марапатталды.

2018 жылы Қазақстан Құрылысшыларының Қауымдастығы Әбдімуратов Жандулла  Суинуллаұлын өндіріс ісінде қол жеткізген жетістіктері үшін  Құрмет Грамотасымен марапаттады.

Үйленген, үш баласы және үш немересі бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Өмірбаян