Өмірбаян

Ажгалиева Бану Аккуановна, 1963 жылдың 15 мамырында Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының Қызылқоға ауданында, қызметкер отбасында дүниеге келдім.

1969 жылы Жаңашаруа орта мектебіне барып, оны 1979 жылы бітірдім.

Мектеп бітірісімен, 1979 жылы менің еңбек жолым «Шұғыла» комсомол жастар бригадасынан басталды.

1981 жылы мен Алматы сәулет - құрылыс институтына оқуға түсіп, оны 1986 жылы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп шықтым, соған сәйкес құрылыс инженері біліктілігіне ие болдым.

Институт бітіргеннен кейін жолдама бойынша Атырау облысына келіп, 1990 жылға дейін Қызылқоға аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде инженер қызметін атқардым. Одан кейін, 1990-1992 жылдары Алматы қаласындағы «Казагропромстройиндустрия» жобалау институтының құрылыс бөлімінде 3 санаттағы инженер болып жұмыс жасадым.

1992 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының  «Металл конструкциялар» кафедрасында ізденуші, ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде болдым.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет - құрылыс академиясының аспирантурасын, ал 2012 жылы Қазақ жол қатынасы университетінің магистратурасын 6М072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясының жалпы құрылыс факультетінде профессор ассистенті қызметін атөарып келемін. «Құрылыс» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік комиссияға жауапты қызметті қоса атқарамын, ҚРБжҒМ РОӘС ОӘБ сәулет – құрылыс және дизайн бағыттарындағы мамандықтары бойынша жүргізетін барлық іс-шараларға белсене араласамын.

«Құрылыс» мамандығы (бакалавриат және магистратура) бойынша мемлекеттік стандарттарды құрастыруға, типтік және жұмыстық оқу жоспарларын, сондай-ақ типтік және жұмыстық оқу бағдарламаларын жасақтауға атсалыстым. Менің 40-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерім жарыққа шықты.

Құрылыс саласындағы көп жылғы еңбегім және осы салада білікті мамандар даярлауға қосқан зор үлестерім үшін әр жылдары ҚР индустрия және сауда министрлігінің, Республикалық біріккен заңды тұлғалар «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы», ҚР құрылыс істері және тұрғын үй – коммунальдық агенттігінің құрмет грамоталарымен, Алматы қаласы әкімінің, ҚР БжҒ министрінің, ҚазБСҚА президентінің алғыс хаттарымен марапатталдым.

Тұрақты мекен-жай: Алматы қ, Алғабас ықшам ауданы, Төле би көшесі, 42 үй.

Тұрмыс құрмағанмын.

Анам – Ажигалиева Кадиша, қазақ, 1938 жылы туған, зейнеткер, менің қолымда.

Сотталмағам, партияда жоқпын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Summary