Өмірбаян

Заманбеков Шуақбай Заманбекұлы 1950 жылы Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келдім. 1974 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің «Математика» мамандығын бітірдім.

1982 жылы Москва қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының Орталық экономико-математикалық институтының күндізгі бөлім аспирантурасын бітіріп, 08.00.13–«Экономикалық зерттеуде, халықшаруашылығы және оның салаларын жоспарлау мен басқаруда математикалық әдістерді және есептеу техникасын қолдану» мамандығы бойынша «Оптимизация развития и размещения машиностроительного комплекса Казахстана с учетом охраны и рационального использования водных ресурсов» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

Экономика доценті ғылыми атағым бар, ал 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Экономика мамандығы бойынша профессоры ғылыми атағын алдым. Халықаралық Экономикалық Еуразия Академиясының мүше-корреспондентімін.

1974-1990 жылдары Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы «Жоспарлау және нормативтік экономикалық ғылыми-зерттеу институтының» металлургия және машина жасау бөлімінде экономист, кіші және аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі қызметтерінде істедім.

1990-1996 жылдары «КРАМДС» Ұлттық акционерлік компаниясында бөлім меңгерушісі, ал 1996-1999 жылдары Алматы технология және бизнес университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерінде істедім.

1999-2004 жылдары Алматы экономикалық университетінде кафедра меңгерушісі және оқу-ісі жөніндегі проректор қызметтерінде істедім.

2004 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Экономика және білімдегі сервис» факультетінің деканы, «Экономика және менеджмент», «Экономика, есеп және туризм» және «Экономика және бизнес»  кафедраларының меңгерушісі қызметтерінде істедім. Кәзіргі уақытта ҚазМемҚызПУ-нің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры қызметінде істеп жүрмін.

Жалпы ғылыми-зерттеу еңбектерімнің саны 110, оның ішінде:

- ҚР БжҒМ-нің Комитетінің ұсынған басылымдарында  - 23;

- РИНЦ журналдарында – 10;

- Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының мәліметі бойынша ғылыми рецензияланатын журналдарында (Web of Science, Thomson Reuters) – 6;

- шетел журналдарында – 12;

- республикалық журналдар мен халықаралық конференцтяларда – 30;

- монографиялар – 3;

- оқулық және оқу құралдары – 8.

2009 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді. 2014 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталдым. «2013 жыл маманы» Ұлттық сертификатын алдым. Алматы облысы Райымбек ауданының құрметті азаматымын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Summary