Есжанов Ахмади Есжанұлы

Мен, Есжанов Ахмади Есжанұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1938-жылы жарық дүниеге келдім.

1956-ж. Жаркент (бұрынғы Панфилов) қаласындағы Панфилов педагогикалық училищесін, 1963 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогтық институтының физика-математика факультетін «Физика және жалпы техникалық пәндер» мамандығы бойынша бітірдім.

1963-1968 жылдары ізденуші және аспирант қатарында ғылыми жұмыспен айналыстым. 1968-1975-жылдары Қазақтың Қазақтың Абай атындағы педагогтық институтының теориялық физика кафедрасында аға оқытушысы, 1976-1980- жылдары доценті, 1983-1984-жылдары кіші ғылыми қызметкері лауазымын атқардым.

1975-жылы «Сілтілі галлойдты кристалдағы люминесценцияның күрделі орталығы» тақырыбы бойынша қатты денелер физикасынан кандидаттық диссертация қорғадым. Осы тақырып бойынша 10-нан астам ғылыми мақалалар баспада жарияланды.

1985-1989жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ѓылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, Информатика мен есептегіш тезниканы оқыту әдістемесі бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы болып жұмыс істедім.

1989-жылы конкурста Информатика және есептегіш техниканы оқыту әдістемесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

1991-жылы Ы. Алтынарин атындағы педагогикалық ғылымдардың Ѓылыми зерттеу институтының жанындағы  «Арай» атындағы шағын ғылыми-өндірістік кәсіпорынның директоры болып тағайындалдым, ал 1996-2002-жылдар аралығында «Арай» атындағы кооперативтің директоры қызметін атқардым.

1997-2000-жылдары Білім беруді ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істедім.

2002-2005-жылдары Алтынсарин атындағы Қазақтың білім беру академиясының Оқулықтарды сараптау орталығында жетекші ғылыми қызметкері әрі 2004-жылдың 5-ақпанынан бастап Оқулықтарды әзірлеу зертханасының меңгерушісі қызметін атқардым.

2005-жылдың 5-қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін Білім беруді ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының Білім беруді ақпараттандыру әдіснамасы мен технологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері міндетін атқарып келемін.

 

А.Е. Есжанов

Тут еще до сих пор нет записей